Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады деген болатын. Осыған байланысты Үңгіртас ауылдық округі әкімі Абдуали Даурен Нұрмұханбетұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Шамшиев Бөкен, әйелдер кеңесінің төрайымы Асылбекова Гүлшар Хасенқызы ауылда жүргізіліп жатқан ізгі істерге куә болып, салынып жатқан нысандарды аралады. Үңгіртас ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылына «Қарғалы Дортех монтаж» ЖШС-і жалпы көлемі 1,8шақырым Батыс және Шығыс көшелерін күрделі жөндеуден өткізіп асфальт салып берді. Сонымен қатар Елдегі ағайынның басы ауырып, балтыры сыздаса баратын мекені – фельдшерлік амбулаториялық пункт. Ауыл тұрғындары талай жыл ауыл мен аудан арасында шабылып жүрді. Қазір фельдшерлік пункт құрлысында Көкқайнар ауылынан 6 адам жұмыспен қамтылып еңбек етіп жатыр. Үңгіртас ауылының оның ішінде Үңгіртас орта мектебіне «Капитал Строй Проект Групп» ЖШС-і күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауыл тұрғындары арасынан құрлысқа 10 адам жұмыспен қамтылды. Үңгіртас ауылына 2018 жылдың 8 маусымынан бастап «Асан М Компании» атты жауапты ұйым Учаскелік полиция пункті мен полиция қызметкерінің үйін салып жатыр. Нысан аяқталуға шақ қалды. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

Теги других блогов: продвижение SEO Google